ЖІБЕРУДІ БАСҚАРУ ХАТТАМАСЫ / ЖЕЛІАРАЛЫҚ ХАТТАМА (TRANSMISSION CONTROL PROTOCOL / INTERNET PROTOCOL, TCP\IP)

lat: JİBERÝDİ BASQARÝ HATTAMASY / JELİARALYQ HATTAMA (TRANSMISSION CONTROL PROTOCOL / INTERNET PROTOCOL, TCP\IP)

Интернет үшін жасалған және оның негізіне айналған хаттамалар жинағы.

TCP әрбір жіберілген байттың ешқайда жоғалмай, алушыға жететініне кепілдік береді.

IP жеке желілік мекенжайларға жергілікті IP-мекенжайлар береді, осылайша мекенжайлық кеңістікті қамтамасыз етеді.

TCP/IP топтамасына Telnet хаттамасы да кіреді, ол қашықтағы терминалдарға қашықтағы тораптарға (компьютерлерге) қосылуға мүмкіндік береді, DNS домендік мекенжайлық жүйе де кіреді, ол пайдаланушыларға желі тораптарында сандық IP-мекенжайдың орнына символдық егелік мекенжай бойынша жірберуге мүмкіндік береді, FTP файлдар жіберу хаттамасы, ол файлдарды сақтау мен жіберу механизмдерін анықтайды және HTTP гипермәтін жіберу хаттамасы да кіреді.